«Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ Көкшетау қаласының №7 жалпы білім беретін мектебінде «Кеңес Одағының батыры-Мәлік Ғабдуллин» тақырыбында сабақ өткізді
«Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ Көкшетау қаласының №7 жалпы білім беретін мектебінде «Кеңес Одағының батыры-Мәлік Ғабдуллин» тақырыбында сабақ өткізді.
Іс-шараның мақсаты - көрнекті жерлесіміздің есімін құрметтеу және оқушылардың бойында патриотизм сезімін қалыптастыру болып саналады.
Оқушылар батырдың өмірі мен ерліктері, сондай-ақ Көкшетауда оның құрметіне орнатылған бюст пен музей, сонымен қатартуған жері Зеренді ауылында батырға орнатылған басқа да ескерткіштер туралы мәліметтермен білімдерін толықтырды.
Құрылған күні: 14.11.2025 16:40
Жаңартылған күні: 14.11.2025 16:40
Қаралым саны: 52




