Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығында Сандықтау ауданында табылған түркі дәуірінен сыр шертетін бірегей олжа талқыланды

Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығында Сандықтау ауданында табылған түркі дәуірінен сыр шертетін бірегей олжа талқыланды 0 Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығында Сандықтау ауданында табылған түркі дәуірінен сыр шертетін бірегей олжа талқыланды 1

21 қазанда Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу аясында, Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы «Сандықтаудағы тасқа бедерленген түркі дәуірінің рельефті бет бейнесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Кездесуге археологиялық жаңалық және оны зерттеу нәтижелері түрткі болды: VI–IX ғасырларға тән адам бейнесі бейнеленген тас барельеф болды. Ол- қорғандар, меңгер, тас қабырғаны және карьерді қамтитын бірегей қасиетті кешеннің бір бөлігі болып саналады.

Іс-шарағаа ғалымдар, музейлер мен кітапханалардың өкілдері, профессор-оқытушылар құрамы, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, сонымен қатар С.Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінің оқушылары қатысты.

Талқылау барысында қатысушылар мынадай тақырыптарды қарастырды:

— ескерткішті сақтау тәсілдері;

— оны одан әрі зерттеу перспективалары;

— тарихи-мәдени мұраны кең ауқымды аудиторияға насихаттау.

Ескерткіштің ғылыми-мәдени айналымға енгізілуіне ерекше көңіл бөлінді.

Тарих өмір сүреді, оны болашақ ұрпақ үшін сақтау маңызды.