«Ақмола облысының тарихи-мәдени мұрасы» атты тарих сабағы Көкшетау қаласының №5 «Таңдау» көпсалалы мектеп гимназиясында өтті

«Ақмола облысының тарихи-мәдени мұрасы» атты тарих сабағы Көкшетау қаласының №5 «Таңдау» көпсалалы мектеп гимназиясында өтті 0 «Ақмола облысының тарихи-мәдени мұрасы» атты тарих сабағы Көкшетау қаласының №5 «Таңдау» көпсалалы мектеп гимназиясында өтті 1

Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі  Көкшетау қаласының №5 «Таңдау» көпсалалы мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушыларына «Ақмола облысының тарихи-мәдени мұрасы»  атты тарих сабағын өткізді. Сабақ барысында Ақмола облысының ескерткіштері туралы мәліметтер ұсынылды. Сабақтың негізгі мақсаты - оқушыларды туған өлкенің бай мәдени мұрасы туралы білімдерін кеңейту, отансүйгіштік және Қазақстанның тарихи мұрасына құрмет сезімін дамыту, сондай-ақ жастардың өз халқының дәстүрлері мен құндылықтарымен байланысын нығайту болып саналады.