Қорғалжын ауданыны аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілеріне техникалық тексеріс
Ақмола облысы мәдениет басқармасының "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы" КММ 2025 жылы 2-3 қазан күндері Қорғалжын ауданы бойынша тарихи-мәдени мұраны сақтау саласын реттейтін бірқатар заңдар мен заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерді сақтау бойынша тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілеріне техникалық тексеріс жүргізілді.
Қорғалжын ауданы ауданының аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілеріне техникалық тексеру барысында көрсеткен көмектері мен белсенді қатысқандары үшін «Қорғалжын ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ, сондай-ақ, Қорғалжын ауданының ауыл әкімдері мен мамандарына алғыс айтамыз.
Өңірдің тарихи-мәдени мұрасын сақтау ісінде одан әрі жемісті ынтымақтастық жұмыс атқарамыз деген үмітіміз мол.
Құрылған күні: 07.10.2025 19:57
Жаңартылған күні: 07.10.2025 19:57
Қаралым саны: 98




