Даналық күніне арналған «Асылдарын қадірлеген ел ардақты» Е.Әуелбеков ескерткіші жанында акция

Даналық күніне арналған «Асылдарын қадірлеген ел ардақты»  Е.Әуелбеков  ескерткіші жанында акция

Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы  Көкшетау қ. Ш. Уәлиханов атындағы университетінің тарих және география факультетінің студенттеріне Даналық күніне арналған «Асылдарын қадірлеген ел ардақты» атты акцияны мемлекеттік қайраткер Еркін Нұржанұлы Әуелбеков ескерткіші жанында өткізді.

Аталмыш акцияның мақсаты- Е.Н. Әуелбековтың өмірі, еліне, халқына жасаған қажырлы еңбегі жайлы, жалпы ескерткіш туралы мәлімет: қай жылы орнатылғандығы, авторы, қандай материалдан жсалғандығы туралы сөз қозғалды.

Алынған ақпарат болашақ мұғалімдердің қызығушылығын тудыра отыра, студенттер диалогқа белсенді қатысып, ұлы жерлесіміз туралы білімдерімен бөлісіп, сұрақтар қойды.

Бұл іс-шара жастарды рухани байытуға және олардың тарихи білім көкжиегін кеңейтуге үлес қосады деп үміттенеміз.