Ақмола облысының білім бөлімі жанындағы «Ақбота» бөбекжайы» тәрбиеленушілеріне «Өссе тілім, менде бірге өсемін» атты танымдық акциясы
Қазақстан халқы тілдер күніне арналған «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі Ақмола облысының білім бөлімі жанындағы «Ақбота» бөбекжайы» тәрбиеленушілерімен «Өссе тілім, менде бірге өсемін» танымдық акциясын өткізді.
Мақсаты-бүлдіршіндерді ана тілінің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтеруге баулып,танымдылық қабілетін арттыру және тақпақтар айту арқылы ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу болып саналады.
5 қыркүйек – қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Сол себептен 2018 жылдан бастап Қазақстан халқы тілдері күні қыркүйектің бесінші қыркүйекте мерекеленеді. Балабақша тәрбиеленушілеріне Ахмет Байтұрсынов туралы қысқаша мәлімет беріліп, тілдің қасиеті туралы сөз қозғалды. Кішкентай тіл жанашырлары тақпақтар айтты.
Баршаларыңызды Тілдер күні мерекесімен құттықтаймыз!
Құрылған күні: 05.09.2025 17:16
Жаңартылған күні: 05.09.2025 17:18
Қаралым саны: 194




