Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Занның үнімен» атты тарих сабағы
"Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы қалалық
кітапхана" КММ-мен бірлескен іс-шара аясында «Ата заңның үнімен» атты тарих сабағы өтті.
Іс-шараның мақсаты –
Конституцияның құқықтық мемлекеттің негізі ретіндегі рөлі туралы білімдерін
тереңдету, құқықтық мәдениетті, азаматтық жауапкершілік пен тарихи мұраға
құрметпен қарауды қалыптастыру болып саналады.
Іс-шара терең білім
беруге, азаматтардың барлық санаттары үшін ақпарат пен мәдени құндылықтарға тең
қолжетімділікті қамтамасыз етуге ықпал етті.
Жаманова Г.Т. және Есилбаева
Г.Т. ұсынған дәріс барысында қатысушылар Конституцияның негізгі ережелерімен
ғана емес, сонымен қатар қазақ құқығының қалыптасу тарихымен де танысты. Қазақ
қоғамының тарихындағы билердің – халық билері мен әділет қорғаушы рөліне де
назар аударылды. Атақты билер, олардың құқықтық нормаларды дамытуға қосқан
үлесі, сондай-ақ тарихи-мәдени мұра объектілері ретінде Ақмола облысының
аумағында орналасқан билердің мазарлары туралы мәліметтер ұсынылды.
Брайль қарпімен жарық
көрген Қазақстан Республикасы Конституциясының тұсаукесерін кітапхана маманы
Е.Логунова жүргізіп, заң құжаттарының барлық азаматтарға, соның ішінде зағиптар
мен нашар көретіндерге қолжетімді болуының маңыздылығына тоқталды.
Іс-шараның әсерлі өтуіне
кітапхана оқырмандары С.Оладко, А.Михель, В.Давыдова дайындаған музыкалық
құттықтаулары жандандыра түсті.
Сабақ дәстүрлі құқық пен қазіргі конституциялық принциптер арасындағы ажырамас байланыстың маңызды еске салуына және құқықтық тәрбие мен тарихи негізді құрметтеудің маңыздылығын атап өтті.
Құрылған күні: 28.08.2025 11:28
Жаңартылған күні: 28.08.2025 11:28
Қаралым саны: 238




