Көкшетау қ. №21 мектеп-лицейінде «Ақмола облысының киелі жерлері» атты көрме өткізілді
Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі «Аңызға айналған киелі ескерткіштер» жобасы аясында «Ақмола облысының киелі жерлері» атты көрмені №21 мектеп-лицейінің жазғы сауықтыру лагерінің 1-4 сынып оқушыларына өткізді. Аталмыш көрме оқушылар үшін маңызды іс-шара болды, өйткені аталмыш іс-шара арқылы Ақмола облысының тарихы мен мәдениетін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Қасиетті бұлақтар, кесенелер сияқты тарихи ескерткіштермен танысып қана қоймай, мәдени мұраны сақтаудың маңыздылығын түсінді. Өз тарихыңызды білу және дәстүрлерді құрметтеу болашақ ұрпақ алдында жауапкершілік сезімін қалыптастырады.
Құрылған күні: 14.08.2025 11:03
Жаңартылған күні: 14.08.2025 11:03
Қаралым саны: 261




