Қазақтың көрнекті ақыны, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын мерекелеу аясында "Ұлы ақын-Абай Құнанбайұлы"атты іс-шара өтті
Ұлы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай, "Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы қалалық кітапхана" КММ-мен бірлесіп "Ұлы ақын-Абай Құнанбайұлы"атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға кітапхана оқырмандары, Ш. Уәлиханов атындағы КУ оқытушылары мен студенттері қатысты. Шара барысында ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат ұсынылып, бейнематериалдар көрсетіліп, арнайы дайындалған кітап көрмесі бойынша экскурсия өткізілді. Сондай-ақ, студенттер біздің қазіргі әлемде өзекті болып табылатын балаларды тәрбиелеу, өзін-өзі тану және адамгершілік туралы Абайдың "Қара сөздерін" оқыды. Кітапхана оқырмандары Абайдың "Желсіз түнде жарық ай", "Көзімнің қарасы"әндерін шырқады. Абай Құнанбаевтың шығармалары адамдардың бойында жоғары адамгершілік қасиеттерді, Отанға деген сүйіспеншілікті, білім мен ағартушылыққа ұмтылысты, сондай-ақ басқа халықтар мен мәдениеттерді құрметтеуге тәрбиелейді. Ол қазақ халқының бірлігіне, надандыққа қарсы күреске, сондай-ақ руханият пен адамгершілікті дамытуға шақырды.
Құрылған күні: 08.08.2025 16:58
Жаңартылған күні: 08.08.2025 16:58
Қаралым саны: 328




