«Көкшетау қаласының тарихи-мәдени мұра ескерткіштері» атты тарих сабағы Көкшетау қаласының №21 мектеп-лицейінде өтті
Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі Көкшетау қаласының №21 мектеп-лицейінің жазғы сауықтыру лагерінің 1-4 сынып оқушыларына «Көкшетау қаласының тарихи-мәдени мұра ескерткіштері» атты тарих сабағын өткізді. Сабақ барысында Көкшетау қаласында орналасқан ескерткіштер туралы айтылды. Сабақтың негізгі мақсаты- оқушыларды туған өлкенің бай мәдени мұрасы туралы білімдерін кеңейту, отансүйгіштік және Қазақстанның тарихи мұрасына құрмет көрсету болып саналады.
Құрылған күні: 06.08.2025 16:28
Жаңартылған күні: 06.08.2025 16:28
Қаралым саны: 316




