Онлайн-конференция: Астана өңірлерінде мәдени туризмді дамыту

Онлайн-конференция: Астана өңірлерінде мәдени туризмді дамыту

Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ «Астана қаласының іргелес аудандары бойынша туристік маршрутты әзірлеу» тақырыбында онлайн-конференция өткізді.

Конференция жұмысына тарихшы ғалымдар, өлкетанушылар, қоғам қайраткерлері, депутаттар, сондай-ақ туризм және мәдениет саласындағы мамандар қатысты.

Қала маңындағы аумақтардың әлеуетін бірлесіп қарастыра отыра, маңызды тарихи-мәдени объектілерді көрсетті және танымды, тартымды деген туристік маршруттар құру идеяларын ұсынды.