- Жаңалықтар
- АЛТЫНТАУ ҚОРЫМЫНДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ
АЛТЫНТАУ ҚОРЫМЫНДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ
2025 жылдың 9 маусымында Зеренді ауданы аумағында археологиялық қорғау-құтқару жұмыстары басталды.
Археологиялық жұмыстар Васильковка және Гранитный ауылдарының арасында орналасқан ерте темір дәуірінің Алтынтау қорымдарында (б.з.д. VII-III) жүргізілуде.
Экспедицияға археолог, Еуразия ұлттық университетінің археология және этнология кафедрасының аға оқытушысы, Phd докторант - Данияр Тлеугабылов, Еуразия ұлттық университетінің магистранттары: Мұса Рысбергенов, Сүлейман Тілекишев, Әмір Тагленов, Артур Мұхаметзянов, Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының директоры Жасұлан Укеев, А.Мырзахметов атындағы КУ 1 курс студенттері, Зеренді ауданы М.Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясының жанындағы «Алаш» археологиялық клубының мүшелері және Гранитный-Васильковка аулдары мектептерінің оқушылары қатысуда.
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- РњРѕР№ Р В Р’В Р РЋРЎв„ўР В Р’В Р РЋРІР‚ВВВВВВВВРЎР‚
- Viber
Құрылған күні: 11.06.2025 13:37
Жаңартылған күні: 11.06.2025 13:37
Қаралым саны: 148