«Көкшетау қаласының тарихи-мәдени мұра ескерткіштері» атты тарих сабағы Көкшетау қаласының №9 орта мектебінеде өтті
Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі Көкшетау қаласының №9 орта мектебінің жазғы сауықтыру лагерінің 1-4 сынып оқушыларына «Көкшетау қаласының тарихи-мәдени мұра ескерткіштері» атты тарих сабағын өткізді. Сабақ барысында Көкшетау қаласында орналасқан ескерткіштер туралы айтылды. Сабақтың негізгі мақсаты- оқушыларды туған өлкенің бай мәдени мұрасы туралы білімдерін кеңейту, отансүйгіштік және Қазақстанның тарихи мұрасына құрмет сезімін дамыту, сондай-ақ жастардың өз халқының дәстүрлері мен құндылықтарымен байланысын нығайту болып саналады.
Құрылған күні: 11.06.2025 10:37
Жаңартылған күні: 11.06.2025 10:37
Қаралым саны: 125