Саяси қуғын-сүргін мен ашаршылықты еске алу күніне орай ескі мұсылман зиратындағы Науан Хазіреттің жерленген жерінде «Өзекті өртейін шындық» акциясы өтті



Қазақстанда жыл сайын 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні аталып өтіледі. Еске алу күні ХХ ғасырдың 1920-1950 жылдардағы тарихи шежіренің ең ауыр беттерінің бірі - жаппай саяси қуғын-сүргін мен қорқынышты ашаршылық кезеңі болды. 105 мыңнан астам қазақстандық қуғын-сүргінге ұшырады. Оның 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді. Олардың арасында қазақ зиялылары: ғалымдар, мәдениет және өнер, саясат саласының қайраткерлері, ағартушылар және басқа да азаматтар қудаланды. Қанды жүйе барлық зиялы қауымды толығымен жоюды көздеді. Ақмола өңірінде 5400 репрессия бойынша іс тіркелді, оның 1600-і ату жазасына кесілген болатын.
Ескі мұсылман зиратында ақын, жазушы, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің ұлы Аян жерленді. Қуғын-сүргін жылдары Сәкен Сейфуллин 1937 жылы жалған айыпталып, қамауға алынды. Тұтқындалғаннан кейін оның әйелі Гүлбахрам АЛЖИР-ге жер аударылды. Жолда келе жатқан кезде тар вагонда С.Сейфуллиннің ұлы Аян аурудан қайтыс болды, сол кезде ол небәрі 1 жас 9 айлық бала еді. Сәкеннің ұлы Аян 1938 жылы 18 тамызда Көкшетаудағы ескі мұсылман зиратына жерленді.
Іс-шараға ҚР БМ ЖТМ курсанттары және қоғам қайраткері, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ш.Ш. Әлиев, сондай-ақ Ақмола облысы ҚМДБ өкілдері қатысты.
Құрылған күні: 01.06.2025 19:53
Жаңартылған күні: 01.06.2025 19:53
Қаралым саны: 143