Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, «Өнер-өмір өрнегі» атты сабақ Көкшетау қаласының №6 мектеп-гимназиясында өтті

Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі 21- мамыр Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай, «Өнер-өмір өрнегі» тарих сабағы Көкшетау қаласының №6 мектеп-гимназиясының оқушыларына өткізілді.
Елімізде 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні болып бекітіліп, кәсіби мереке ретінде 2013 жылдан бері аталып келеді.
Бұл – шығармашылық адамдарына деген айрықша құрметтің белгісі және әрбір мәдениет қызметкері үшін ерекше күн. Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, ол елдің еңсесі де биік, рухы да жоғары болады. Сонымен қатар, мәдениет — адамзат тұлғасы деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Мәдениеттің өзекті бөлігі — өнер. Шынында да өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі. Мәдениет пен өнер – қоғам дамуының негізгі қажетті саласы. Мәдениеті мен өнері өркендеген қоғам әр уақытта ілгерілеп, дамиды.
Құрылған күні: 21.05.2025 23:53
Жаңартылған күні: 21.05.2025 23:53
Қаралым саны: 240