Отан қорғаушылар күніне орай зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы үлгілі қалалық кітапханада «Ер - елінің қорғаны» атты іс-шара өтті



Отан қорғаушылар күніне орай зағип және нашар көретін азаматтарға арналған Арнайы үлгілі қалалық кітапханада «Ер - елінің қорғаны» атты патриоттық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебі» МКҚК Көкшетау қаласындағы филиалының курсанттары, N10 ЖББМ оқушылары, мұғалімдері, мамандандырылған кітапхана оқырмандары және «Sanaly urpaq - 2050» ҚБ өкілдері қатысты. Іс-шара қатысушыларына Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин мен Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновтың өмірі мен қызметі, ұлы жерлестеріміздің құрметіне қойылған ескерткіштер туралы мәліметтер берілді. Сондай-ақ іс-шарада «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебі» МКҚК Көкшетау қаласындағы филиалының оқытушысы А.К. Жұмабеков, кітапхана оқырманы С.А.Оладко сөз сөйлеп, оқушылар патриоттық тақырыбында өлеңдер оқыса, «Sanaly urpaq - 2050» ҚБ өкілдері шараға қатысушыларды музыкалық сыйлықпен қуантты. Іс-шараның мақсаты - Отанға деген сүйіспеншілікке, азаматтыққа, жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттеріне, өз елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезіміне тәрбиелеу, жастардың назарын туған өлке тарихына аудару.
Құрылған күні: 07.05.2025 20:36
Жаңартылған күні: 07.05.2025 20:36
Қаралым саны: 107