«Ақмола облысының тарихи-мәдени мұрасы» атты тарих сабағы Көкшетау қаласының №6 мектеп-гимназиясында өтті

Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі Көкшетау қаласының №6 мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушыларына «Ақмола облысының тарихи-мәдени мұрасы» атты тарих сабағын өткізді. Сабақ барысында Ақмола облысының ескерткіштері, сондай-ақ ескерткіштердің тарихи оқиғалармен және орындармен байланысы туралы мәліметтер ұсынылды.
Сабақтың негізгі мақсаты- оқушыларды туған өлкенің бай мәдени мұрасы туралы білімдерін кеңейту, отансүйгіштік және Қазақстанның тарихи мұрасына құрмет сезімін дамыту, сондай-ақ жастардың өз халқының дәстүрлері мен құндылықтарымен байланысын нығайту болып саналады.
Құрылған күні: 05.05.2025 18:01
Жаңартылған күні: 05.05.2025 18:01
Қаралым саны: 127