Қазақстан халқы бірлігі күніне арналған «Бірлігі жарасқан қазақ елі» акция «Тәуелсіздік» стеласы алдында Көкшетау қаласының №6 мектеп-гимназиясымен өтті

Қазақстан халқы бірлігі күніне арналған «Бірлігі жарасқан қазақ елі» акция «Тәуелсіздік» стеласы алдында Көкшетау қаласының №6 мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушыларымен өтті.
1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті жарлығы бойынша 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні деп жарияланды. Бұл мереке ел ішіндегі бірлік пен ынтымақтастықты, бір-біріне деген құрмет пен татулықты, ауызбіршілікті нығайту мақсатында тойланады. Акцияның мақсаты - халықтар арасындағы достықты нығайту, оқушылардың достық қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу болып саналады. Оқушылар Қазақстан халықтарының бірлігі туралы тақпақтар, тарихы туралы және ескерткіш туралы айтты.
Құрылған күні: 29.04.2025 18:12
Жаңартылған күні: 29.04.2025 18:12
Қаралым саны: 237