«Нұрғиса Тілендиев-дарынды композитор» атты тарих сабағы Көкшетау қаласының №4 орта мектебінде өтті

«Нұрғиса Тілендиев-дарынды композитор» атты тарих сабағы Көкшетау қаласының №4 орта мектебінде өтті

Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі   Нұрғиса Тілендиевтың 100 жылдығына орай, «Нұрғиса Тілендиев-дарынды композитор»  тарих сабағы Көкшетау қаласының №4 орта мектебінің оқушыларына өткізілді.

Қазақ халқының рухани қазынасын байытқан біртуар тұлғалардың бірі – Нұрғиса Тілендиев. Ол – ұлттық музыка өнерін жаңа белеске көтеріп, ғасырлар бойы қалыптасқан домбыра күйлерінің дәстүрін жалғастырған ұлы композитор, шебер дирижер, талантты орындаушы. Іс-шараның мақсаты- өмірбаяны, шығармашылығы және күйлерінің тарихын баяндап, өшпес мұрасын кеңінен насихаттау болып саналады.

Нұрғиса Тілендиевтің күйі де, әні де, жалпы шығармашылығы – қазақтың мәңгілік мұрасы!