«Ауғаныстан – мәңгі есте» атты іс-шарасы

«Ауғаныстан – мәңгі есте» атты іс-шарасы 0 «Ауғаныстан – мәңгі есте» атты іс-шарасы 1 «Ауғаныстан – мәңгі есте» атты іс-шарасы 2

Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл (1979-1989 жж.) толуына орай Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы Ақмола облысының Ауған соғысы ардагерлері одағымен бірлесе отырып, қаламыздағы М. Горький көшесінде орналасқан Ауғанстанда қайтыс болған жауынгерлерге арналған ескерткіш алдында гүл шоқтары қойылып «Ауғаныстан – мәңгі есте» атты іс-шарасы болып өтті.

Іс-шара барысында Көкшетау техникалық институтының курсанттары мен Көкшетау құрылыс техникалық колледжінің студенттері қатысып, Ақмола облысының Ауған соғысы ардагерлері одағының бірнеше мүшелері сөз сөйлеп, өздерінің естеліктерімен бөлісті.

Сонымен қатар Ауғанстанда қайтыс болған жауынгерлерге арналған ескерткішті өз қамқорлықтарында ұстайтын Көкшетау құрылылыс техникалық колледжі мен Тарихи мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы өздерінің гүл шоқтарын қойды.