"Таза Қазақстан" экологиялық бастамасы аясында Абылай хан ескерткішінің жанында эко-акция өткізілді

"Таза Қазақстан" экологиялық бастамасы аясында Абылай хан ескерткішінің жанында эко-акция өткізілді 0 "Таза Қазақстан" экологиялық бастамасы аясында Абылай хан ескерткішінің жанында эко-акция өткізілді 1 "Таза Қазақстан" экологиялық бастамасы аясында Абылай хан ескерткішінің жанында эко-акция өткізілді 2

2025 жылғы 23 сәуірде Көкшетау қаласында «Таза Қазақстан»  республикалық экологиялық науқаны аясында, Ұлы мемлекет қайраткері - Абылай хан ескерткішінің жанындағы аумақты тазарту бойынша эко-акция өткізілді.

Эко-акцияның негізгі мақсаты тарихи-мәдени ескерткішті насихаттау және оған ұқыпты қарау және жастардың өз тарихымыз бен рухани құндылықтарымызды бейнелейтін көрнекті орындарда тазалықты сақтаудың маңыздылығын түсінуін қалыптастыру болып табылады.

Акция қаланың экологиясына ғана үлес қосып қана қоймай, қоршаған әлемге деген қамқорлық -әркімнің жеке бастамасынан басталатынын еске салды.

Таза қала - таза Қазақстан!