- Жаңалықтар
- Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай, Көкшетау қ. «Тәуелсіздік» стеласы алдында «Тәуелсіздік кезеңінің ескерткіштері» акция
Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай, Көкшетау қ. «Тәуелсіздік» стеласы алдында «Тәуелсіздік кезеңінің ескерткіштері» акция
2025 жылдың 18 сәуірінде Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні аясында өткізілетін онкүндіктің аяқталуы, яғни бұл күні Көкшетау қаласында «Тәуелсіздік» стеласының жанында «Тәуелсіздік кезеңінің ескерткіштері» атты акциямен аяқталды. Іс- шараға «Аманат» - «Жастар рухы» партиясының жастар қанатының өкілдері, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттері және Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің студенттері қатысты.
Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің студенттері музыкалық шығармаларды орындап, іс-шараға ерекше көңіл-күй сыйлады. Акцияның соңғы кезеңі онкүндіктің белсенді қатысушыларына, бастамашылық танытқан және аймақтың ескерткіштері мен мәдени мұраларын қорғау мен насихаттауға арналған акциялар мен іс-шараларға белсенді қатысқан еріктілер мен студенттерге алғыс хаттар табысталынды.
Акция Тәуелсіздік жетістіктері мен елдің тарихи мұрасын бейнелейтін ескерткіштерге ұқыпты қараудың маңыздылығының, сондай-ақ жастардың осы құндылықтарды сақтауға және таратуға қалай елеулі үлес қоса алатынының жарқын үлгісі болды.
Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне арналған онкүндіктің барлық қатысушыларына шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Іс-шараларды сәтті өткізуде сіздің белсенділігіңіз, мәдени және тарихи мұраны сақтауға деген қызығушылығыңыз және немқұрайлы қарамайтындығыңыз маңызды рөл болып саналады. Сіздің қолдауыңыз бен қатысуыңыздың арқасында біз ескерткіштердің маңыздылығы туралы ақпараттандыруды арттыра алдық.
Сіздің үлесіңіз болашақ ұрпақ үшін маңызды және біз мұндай іс-шаралар біздің мәдени мұрамызды сақтауға және дамытуға ықпал ететініне сеніміміз мол.
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- РњРѕР№ Р В Р’В Р РЋРЎв„ўР В Р’В Р РЋРІР‚ВВВВВВВВРЎР‚
- Viber
Құрылған күні: 18.04.2025 22:49
Жаңартылған күні: 18.04.2025 22:49
Қаралым саны: 569