Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай, «Ескерткіштер - мәдени мұраның мәйегі» брейн-ринг

2025 жылдың 17 сәуірінде Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні аясында  Ақмола облысының тарихи-мәдени мұра ескерткіштеріне арналған «Ескерткіштер - мәдени мұраның мәйегі» брейн-ринг өтті. Ойынға «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенттері қатысты, олар өз білімдерін ғана емес, зияткерлік сайыста командалық рухты да көрсетті.

      Брейн- ринг ойынының мақсаты жастардың аймақтың тарихи-мәдени ескерткіштерінің маңыздылығы, олардың сақталуы және мәдени бірегейлікті қалыптастырудағы рөлін арттыру болып саналады. Қатысушылар Ақмола облысының тарихына, киелі және мәдени объектілеріне қатысты сұрақтарға жауап берді.

Ойын барысында студенттер облыстың мақтанышы болып табылатын ескерткіштер туралы білімдерін көрсетті.

Іс-шара мәдени құндылықтарды сақтау және насихаттауда жастардың мәдениеті, ғылымы мен білімінің өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті. Бұл Брейн- ринг ойыны зияткерлік ойындар арқылы көңіл көтерудің ғана емес, сонымен қатар жастардың ескерткіштер мен мәдени мұраларды сақтаудың маңыздылығы туралы терең түсініктерін қалыптастырудың жарқын көрнісі болды.