Астана-Көкшетау тас жолы бойында монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату жөніндегі комиссия отрысының баспасөз-хабарламасы
Өткізу күні: 2019 ж. 1 ақпан
Өткізу уақыты: сағат 15 -00.
Өткізу орны: Ақмола облысы,
Көкшетау қ., М.Жұмабаев атындағы
облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы.
Ағымдағы жылдың 1 ақпан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық ғылыми-әмбебеп кітапханасы ғимаратында «Көкшетау-Астана» тас жолы бойында Ақан сері, Біржан сал, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай, Кенесары Қасымұлына және Ақмола облысының аудандарында Қажымұқан Мұңайтпасұлы, «Дударай» және Иманжүсіп Құтпанұлына арнап ескерткіштер орнату бойынша комиссияның отырысы болды.
Іс-шара монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату жөніндегі республикалық жұмыс комиссиясының қатысуымен қызу талқыда өтті. Шақырылғандар қатарында: Асылханов Ермек Сабырұлы - өнертанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстан дизайнерлер Одағының мүшесі, Нартов Асқар Маратұлы - мүсінші, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, Күзербаев Әлібек Бақытбекұлы - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің тарихи-мәдени мұра басқармасының бас сарапшысы, Таймағамбетов Жәкен Қожахметұлы-Қазақ Ұлттық университетінің тарих факультетінің деканы, Ерғалиев Жабал Ерғалиұлы- «Ақмола-«Тіршілік» ЖШС-нің директоры, жазушы, драматург, ҚР еңбек сіңірген қайраткер, ҚР Парламент Сенатының V-VI шақырылымының депутаты және сондай-ақ Көкшетау қаласы мен Ақмола облысының шығармашылық зиялы қауымы қатысады.
Отырыста ескерткіштердің орналасу орны мен маңыздылығы талқыланып, белсенді түрде өтеді.
Сондай-ақ, облыс аудандарында Степногор қаласында балуан, күш иесі Қажымұқан Мұңайтпасовқа, Аршалы ауданында Иманжүсіп Құтпанұлына ескерткіштер және Қорғалжын ауданында «Дударай» стеласы орнатылады.
Тарихи-мәдени мұраның барлық объектілері біздің облыстың келбетіне көрік бере отыра, туристік әлеуетті дамытуда маңызды рөл атқаратын және тарихи өткеніміз туралы естелікті сақтауға арналған мәдени объектілер болып табылады.Құрылған күні: 11.02.2019 17:56
Жаңартылған күні: 13.02.2019 14:27
Қаралым саны: 1988