«Ақмола облысының тарихи-мәдени мұрасы» атты тарих сабағы Көкшетау қаласының №4 орта мектебінде өтті

Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі Көкшетау қаласының №4 орта мектептің 6 сынып оқушыларына «Ақмола облысының тарихи-мәдени мұрасы» атты тарих сабағын өткізді. Сабақ барысында Ақмола облысының ескерткіштері туралы мәліметтер ұсынылды. Ақмола облысы бойынша 1780 ескерткіш бар, оның ішінде 6- республикалық, 1037-жергілікті маңызы бар және 737 - алдын ала есепте тұрған және 47 киелі объектілер бар. Сабақтың негізгі мақсаты - оқушыларды туған өлкенің бай мәдени мұрасы туралы білімдерін кеңейту, отансүйгіштік және Қазақстанның тарихи мұрасына құрмет сезімін дамыту, сондай-ақ жастардың өз халқының дәстүрлері мен құндылықтарымен байланысын нығайту болып саналады.
Құрылған күні: 10.04.2025 9:32
Жаңартылған күні: 10.04.2025 9:32
Қаралым саны: 211