«Ақмола облысының тарихи-мәдени мұрасы» тарих сабағы А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде өтті

Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің тарих факультетінің студенттеріне «Ақмола облысының тарихи-мәдени мұрасы» атты тарих сабағын өткізді. Сабақ барысында Ақмола облысының ескерткіштері туралы мәліметтер ұсынылды. Ақмола облысы бойынша 1780 ескерткіш бар, оның ішінде 6- республикалық, 1037-жергілікті маңызы бар және 737 - алдын ала есепте тұрған және 47 киелі объектілер бар. Сабақтың негізгі мақсаты - студенттерді туған өлкенің бай мәдени мұрасы туралы білімдерін кеңейту, отансүйгіштік және Қазақстанның тарихи мұрасына құрмет сезімін дамыту, сондай-ақ жастардың өз халқының дәстүрлері мен құндылықтарымен байланысын нығайту болып саналады.
Құрылған күні: 27.03.2025 23:32
Жаңартылған күні: 27.03.2025 23:32
Қаралым саны: 412