«Ауғанның асуында от кешкендер» тарих сабағы А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде өтті

Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі  А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің тарих факультетінің студенттеріне  «Ауғанның асуында от кешкендер»  тарих сабағын өткізді. Сабақ барысында Ауған соғысының тарихы жәнесондай-ақ Көкшетау қаласында орналасқан Ауғанстанда қаза тапқан интернационалист жауынгерлерге арналған ескерткіш туралы айтылды. Сабақтың мақсаты: интернационалист жауынгерлердің ерліктерін құрметтеуге тәрбиелеу, отанға деген сүйіспеншілікті дамыту, өз халқына және отанына қызмет етуге тәрбиелеу, сондай-ақ Ауғанстандағы соғыс оқиғаларының маңыздылығын түсіну арқылы ұлттық рухани құндылықтарды қалыптастыруға ықпал ету болып саналады.