«Наурыз - Ұлыстың Ұлы күні» Наурыз мейрамына арналған тарих сабағы А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде өтті.

Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі  А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің тарих факультетінің студенттеріне «Наурыз-Ұлыстың Ұлы күні» атты тарих сабағын өткізді. Сабақ барысында Наурыздың тарихы, әдеп-ғұрыптар, ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар, сонымен қатар «Наурыз көже» туралы айтылды.

Наурыз - қазақ халқының ежелден келе жатқан мейрамы.  Наурыз  - көктем мезгілінің жетіп, күн мен түннің теңеліп, табиғат-ананың  оянатын уақытымен тұспа-тұс келеді. Наурыз парсы тілінен  аударғанда «Жаңа күн» дегенді білдіреді.  Қазақтар бұл күнді Ұлыстың ұлы күні деп  атайды.