«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы». Қазақтың ұлттық ойыны “Арқан тартыс” Ш.Уәлиханов атындағы КУ студенттерімен өткізілді.

Қазақтың ұлттық ойындары - халқымыздың мәдени мұрасы. Ол ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың өмір салтымен, дәстүрімен және дүниетанымымен тығыз байланысты.

Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы үлгідегі қалалық кітапхана» КММ бірлесіп Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті педагогикалық институтының студенттерімен қазақтың «Арқан тартыс» ұлттық ойынын өткізді.

Қазақтың ұлттық ойындары халықтың әлеуметтік өмірінде маңызды рөл атқарады. Олар мерекелік іс-шараларда, жастарды тәрбиелеуде және халықтың мәдени бірлігін нығайтуда кеңінен қолданылады. Бұл ойындар халықтың тарихы мен дәстүрлерін сақтауға көмектеседі, әрі ұлттық құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік береді.