Наурызнама онкүндігі аясындағы «Қайрымдылық» күніне «Қайырымдылық - асыл қасиет» атты кездесу «Ана үйі» ресурстық орталығы мекемесінде өтті

Наурызнама онкүндігі аясындағы «Қайрымдылық» күніне «Қайырымдылық - асыл қасиет» атты кездесу  «Ана үйі» ресурстық орталығы мекемесінде өтті

Бүгін наурызнама бойынша қайырымдылық күні - мейірімділік пен татулық насихатталатын күн. Қайырымдылық тек материалдық көмек көрсетуде ғана емес, рухани қолдау, жылы сөзбен жігерлендіру де маңызды. Бұл игі дәстүр қоғамда жанашырлық, мұқтажға көмек беру және жақсылық жасауға деген ұмтылысты арттырады. Наурыз мейрамы өзара көмек пен қайырымдылықтың да мерекесіне айналып келеді.  

Қайырымдылық күні Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы «Ана үйі» ресурстық орталығының қамқорлығындағылармен «Қайырымдылық - асыл қасиет» атты  кездесу өткізді. Кішкентай балаларға сыйлық апарып, Наурыз мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.