«Көктем басы - көрісу» «көрісу», «амал» салт-дәстүрімен таныстыру Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы үлгідегі қалалық кітапханасында өтті.

Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы үлгідегі қалалық кітапханасы» КММ бірлесіп «Көктем басы - көрісу» атты іс-шараөткізді. Іс-шараға  Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің педагогикалық институтының ББ «информатика» 3 курс студенттері, әлеуметтік және жас ерекшілік педагогикасы кафедрасының оқытушысы А.Е. Утегенова және «Қазақ зағиптар қоғамы» ҚБ Ақмола облыстық филиалының төрағасы Ахметов Батырхан Ғазизұлы қатысып, сөз сөйледі.

«Көрісу» күні - қазақ халқының ертеден келе жатқан салт дәстүрі. Көрісу тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ, жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс.

Бұл мерекеде үлкен-кіші ағайын сәлем берісіп, бір-біріне ренжіскен адамдар бір-бірінен кешірім сұрап, өкпе реніштерін ұмытып, амандық-саулық сұрасып көрісіп, өзара «Жаңа жыл құтты болсын!», «Ұлыс оң, ақ мол болсын!», «Амалдан амалға жете берейік» деп құт береке тілеседі.