«Altyntau Kokshetau» АҚ-ның жұмысшыларына дәріс

«Altyntau Kokshetau» АҚ-ның жұмысшыларына дәріс

2025 жылдың 11 наурыз күні Жұмысшы мамандығы жылына орай, Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ, Зеренді ауданының Абай ауылы жанында орналасқан «Altyntau Kokshetau» АҚ-ның жұмысшыларына Зеренді ауданының қорымдарында өткізілген археологиялық қазба жұмысы барысында табылған қыш ыдыстар, қола айна және т.б. жәдігерлер жайлы дәріс өткізді. Сондай-ақ, «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы ҚазақстанРеспубликасының Заңымен реттелетін ғылыми, мәдени жағынан ерекше құндылығы бар жер қойнауын пайдалануға байланысты туындайтын мәселелермен  таныстырды.