Алғыс айту күніне

Алғыс айту күніне

Алғыс айту - жүрекке жылу сыйлайтын керемет қасиет, қарапайым адамгершілік парыз. Алғыс айта білген адам алғыс арқалай алады. Сондықтан күн сайын, тіпті сағат сайын әртүрлі себептерге байланысты бір-бірімізге алғыс айтқанымыз артық болмас. 1-наурыз Алғыс айту күніне орай, Ақмола облысы мәдениет басқармасы «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі ауыр еңбектері үшін «Көкше Тазалық" ЖШС жұмысшыларына алғыстарын білдіре отыра, ыстық шай ұйымдастырды.

Күні-түні аянбай еңбектенген жұмысшыларға шынайы ниетпен алғыс білдіреміз!