Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі Көкшетау қ. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымы оқушыларына «Аңызға айналған киелі ескерткіштер» жобасы аясында «Ақмола облысының киелі жерлері» атты дәріс өткізді

Дәріс оқушыларды Ақмола облысының тарихи және мәдени ескерткіштерімен таныстыруға, олардың жергілікті тарих, мәдениет және дәстүр маңыздылығына арналды. Іс-шара барысында оқушылар қасиетті жерлер, археологиялық ескерткіштер және жергілікті тұрғындар үшін терең тарихи және рухани маңызы бар өңірдің басқа да маңызды объектілері туралы білді. Олардың ішінде ежелгі зиярат орындары, маңызды тарихи оқиғалармен байланысты жерлер туралы айтылды.

Дәрістің мақсаты-оқушылардың туған өлкенің бай мәдени мұрасы туралы білімдерін кеңейту, отансүйгіштік және Қазақстанның тарихи мұрасына құрмет сезімін дамыту, сондай-ақ жастардың өз халқының дәстүрлері мен құндылықтарымен байланысын нығайту болып саналады.