«Ауғанның отты жалыны»





2025 жылдың 15 ақпанында Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі Ақмола облысының «Ауғанстан соғысы ардагерлерінің одағы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылуына арналған «Ауғанның отты жалыны» атты іс-шараға қатысып, Ауғанстанда қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Ауғанстанда қайтыс болған жауынгерлерге арналған ескерткіш 2003 жылы ашылып, 2024 жылы ескерткіш стеламен толықтырылып, жалпы ескерткіштің көрінісін өзгертті. Қасбет қырында екі тілде «1979-1989 жылдары Ауғанстанда қаза тапқан жауынгерлерге» деген жазу және Ауған соғысында қаза тапқан 89 адамның аты-жөні жазылған.
Жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде әрқашан сақталады және мақтан тұтамыз!
Құрылған күні: 15.02.2025 19:34
Жаңартылған күні: 04.03.2025 20:13
Қаралым саны: 617