«Рухани жаңғыру» бағдарламасын дамыту аясында және 2018 жылғы Ақмола облыстық археология экспедиция жұмысын қорытындылау бойынша «Қазыналық қазба- рухани жаңғыру көзі» атты «дөңгелек үстел»
Өткізу орны мен уақыты: Ақмола облысы мәдениет басқармасы жанындағы "Ақмола облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы" МҚКК ғимаратында 25 қазан, сағат 15- 00-де болады.
Бастамашы: Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МКМ.
Тақырыбы: Қоғамдық сананы жаңғырту бойынша іс-шараларды іске асыру (Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Қасиетті география» бағыты). Студенттер мен оқушыларды археологиялық экспедицияға қатысу арқылы рухани-адамгершілік басымдықтарды дамыту және өскелең ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеу болып саналады. Археологиялық экспедицияны қорытындылау және одан әрі тарих саласын дамытудың перспективалары. Ақмола облысының мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МКМ-де негізделген Ақмола облыстық археологиялық экспедициясы 2018 жылдың жазғы маусымында атропогендік фактор әсерінен бұзылу қауіпі төніп тұрған (мал жаю, қара жол) қола дәуіріне жататын Кеңоткел XIX және Қошқарбай1 қорымдары археологиялық ескерткіштеріне қорғау-құтқару жұмыстары жүргізіліп, екі қорған құрылымдары зерттелді. Археологиялық зерттеу барысында бұл қорғандар ежелгі уақытта тоналғандығы анықталып, сонымен қатар, қорған құрылымдарында осы кезеңге тән отқа табынушылыққа байланысты кремация элементтері бар екендігін байқатты.
Қатысушылар: Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МКМнің басшысы мен инспекторлары, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы білім бөлімінің өкілдері, облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті мен А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің тарих кафедрасының меңгерушілері, оқытушылары мен студенттер, Солтүстік Қазақстан облысы мектептерінің оқушылары, ҚР ІІД ТЖК Көкшетау техникалық институтының курсанттары (Зеренді ауданының Кеңеткөл ауылында екі жыл қатарынан археологиялық экспедицияға белсенді қатысқандар).
Шақырылғандар: музейдің ғылыми қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.Құрылған күні: 25.10.2018 17:50
Жаңартылған күні: 25.10.2018 18:13
Қаралым саны: 1617