Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі Көкшетау қаласының №2 мектеп-лицейінде «Аңызға айналған киелі жерлері» жобасы негізінде, «Ақмола облысының киелі жерлері» атты көрме өткізді

Көрменің
мақсаты-оқушыларды аймақтың дәстүрлері мен құндылықтарын сақтау мен беруде
маңызды рөл атқаратын Ақмола облысының тарихи және мәдени ескерткіштерімен
таныстыру. Көрменің экспонаттарына жергілікті мәдениет пен тарих үшін ерекше
маңызы бар қасиетті орындардың, археологиялық объектілердің және басқа да
маңызды тарихи ескерткіштердің фотосуреттері, макеттері қойылды.
Іс-шара оқушылардың туған
өлкенің мәдени мұрасына деген құрметпен қарауға және өз облысының тарихи
құндылықтары үшін мақтаныш сезіміне тәрбиелеуге ықпал етті.
Құрылған күні: 03.02.2025 21:11
Жаңартылған күні: 03.02.2025 21:11
Қаралым саны: 120