Көкшетау қаласының №2 мектеп-лицейінде «Ақмола облысының киелі жерлері» атты көрме өткізілді.

Көкшетау қаласының №2 мектеп-лицейінде «Ақмола облысының киелі жерлері» атты көрме өткізілді.

Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі  «Аңызға айналған киелі ескерткіштер» жобасы аясында «Ақмола облысының киелі жерлері» тақырыбында Көкшетау қаласының №2 мектеп-лицейінің 6 сынып оқушыларына көрме өткізді.

Бұл көрме оқушыларды жергілікті тарих пен дәстүрдің ерекше маңызы бар Ақмола облысының тарихи және мәдени ескерткіштерімен таныстыруға бағытталған болатын. Іс-шара барысында оқушылар өңірдің халықтық дәстүрлері мен тарихи оқиғалармен байланысты киелі бұлақтар, кесенелер және басқа да ескерткіштер сияқты маңызды жерлер туралы білді.

Көрме оқушыларды туған өлкенің тарихымен таныстырып қана қоймай, патриотизмге тәрбиелеуге және өз халқының мәдени мұрасын құрметтеуге ықпал етті.