Көкшетау қаласының №2 мектеп-лицейінде «Ақмола облысының киелі жерлері» атты дәріс
Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ ұйымдастыруымен Көкшетау қаласының №2 мектеп-лицейінде «Аңызға айналған киелі ескерткіштер» жобасы аясында «Ақмола облысының киелі жерлері» (Ақмола облысының қасиетті орындары) тақырыбында дәріс өтті.
Дәрістің мақсаты-оқушыларды Ақмола облысының бай мәдени мұрасымен таныстыру, сондай-ақ аймақтың қасиетті және тарихи ескерткіштерінің маңыздылығы туралы ақпараттандырылды. Дәріскер Қазақстан тарихы мен мәдениетінің бір бөлігі болып табылатын қасиетті орындар туралы білімді сақтау және болашақ ұрпаққа беру қаншалықты маңызды екенін айтып берді.
Дәріс барысында оқушылар көрнекті тұлғалардың қорымдары, ежелгі қорғандар, сондай-ақ халық үшін ерекше рухани маңызы бар қасиетті орындар туралы білді. Бұл объектілердің ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы рөлі және оларды қорғау қажеттілігі туралы айтылды.
Аталмыш іс-шара жастардыңөз аймағыныңмәдени мұрасына деген мақтаныш сезімінжәне тарихи-мәдениескерткіштерді қорғаудың маңыздылығынатәрбиелеуге ықпал етеді.
Құрылған күні: 20.12.2024 20:10
Жаңартылған күні: 20.12.2024 20:10
Қаралым саны: 28