Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік пен тарихи-мәдени құндылықтар» атты дөңгелек үстел
Ақмола облысы мәдениет басқармасының Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы Абай Мырзахметов атындағы КУ бірлесіп, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік пен тарихи-мәдени құндылықтар» атты дөңгелек үстел өткізді.
Егемен елде өмір сүру - кез келген халықтың асыл мұраты. Кеңес Одағының іргесін шайқалтқан 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан бес жыл өткен соң Қазақ елі тәуелсіздігін жариялады. Тәуелсіздік деген қастерлі ұғымның астарында үлкен мән жатыр. 1991 жылы желтоқсан айында Кеңес Социалистік Республикалар Одағы таратылып, оның құрамына кірген республикалар өздерінің тәуелсіз, егемендік мемлекеттерін құрды.
1991 жылы көптен күткен киелі тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, халқымыздың сан ғасырлық тарихының шынайы ақтаңдақ беттері ашылды. «Тарихты жеңген жазады» демекші, ғасырлар бойы жалғасқан күресіміздің нәтижесі жеңіспен аяқталып, бабаларымыздың аңсап күткен арманы орындалып, тәуелсіздіктің ақ таңы атты. Әлем елдерінің тізіміне жаңа мемлекетіміздің аты жазылды. Тәу етер қастерлі тәуелсіздігімізге биыл 34 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде еліміз өзін күллі әлемге таныта білді. Аз ғана мерзімде жаңа жетістіктер мен толағай табыстарға қол жеткізді.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның жеткен табыстары елімізде тұрақтылық, бейбітшілік пен ұлтаралық татулықтың нәтижесі болып табылады.
Құрылған күні: 14.12.2024 10:05
Жаңартылған күні: 14.12.2024 10:05
Қаралым саны: 128