Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі Көкшетау қаласының №2 мектеп-лицейінде «Аңызға айналған киелі жерлері» жобасы негізінде, «Ақмола облысының киелі жерлері» атты көрме өткізді
Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі «Аңызға айналған киелі ескерткіштер» жобасы аясында Көкшетау қаласының №2 мектеп-лицейіне облысымыздың тарихи және киелі орындарына арналған көрме өтті.
Экспозиция оқушыларды аймақтың бай мәдени мұрасымен таныстырып, болашақ ұрпақ үшін тарихи ескерткіштерді сақтаудың маңыздылығын ашты.
Жоба мәдени мұраны қорғау мен сақтаудың маңыздылығы туралы ақпараттандыруды арттыруға, сондай-ақ халқымыздың дәстүрлері мен тарихын құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталған. Көрмеге қатысушылар бірегей ескерткіштер туралы біліп қана қоймай, олар бейнелейтін мәдениет пен тарихтың рухын сезіне алды.
Құрылған күні: 13.12.2024 15:44
Жаңартылған күні: 13.12.2024 15:44
Қаралым саны: 152