«Ескерткіш-көненің көзі, тарихтың өзі»
«Қасиетті география» арнайы жабасын жүзеге асыру аясында, Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МКМ-сі Ақмола облысының «Рухани жаңғыру» жобалау офисімен бірлесіп, «Ескерткіш-көненің көзі, тарихтың өзі» атты іс-шара өткізіледі. Іс-шараның негізгі мақсаты- аймағымыздың қасиетті нысандарын студенттер мен өлкетанушылар, жалпы білім беретін мектептер мен ЖОО-ның оқытушыларына насихаттау идеясын жүргізуді ілгерілету, түсіндірме жұмыстары. арналған.
Іс-шара мазмұны: Ақмола облысының бірқатар аудандарында «Рухани жаңғыру» жобалау офисінің менеджерлері, тарихшылар, өлкетанушылардың қатысуымен түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Аталмыш іс-шара аясында, интерактивті түрінде Ақмола облысының киелі объектілері туралы ақпарат ұсынылып, пікірлерімен алмасулар өтеді және «Қасиетті география» базалық бағыты бойынша дамыту және насихаттау бойынша ұсыныс құрылып, жазылады. Жаһандану дәуірінде ұлттың мәдени «кодын» сақтау үшін, өткені мен болашағы, шығу тегі қазіргі таңда өткір мәселе болып тұр. Ұлттың өзіндік санасы - ел азаматтарының өзін-өзі тануынан тұрады. Сондықтан заманауи және тиімді шаралар қажет. Сондай-ақ, өскелең ұрпақтың жаңаша білім алуына креактивті және намыс пен отаншылдық сезімге қалыптастыру болып саналады.
Іс-шараның кумулятивті әсері: Іс-шара Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының дамуына, аймақтың киелі нысандар туралы білімдерін кеңейтуге ықпал ете отыра, арқауы болады.
Құрылған күні: 27.07.2018 12:21
Жаңартылған күні: 27.07.2018 9:22
Қаралым саны: 2043