29 қазанда Ақмола облысының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті
Ақмола облысының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия отырысының күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
Балкашино ауылының маңында, Сандықтау ауданының төтенше жағдай қызметкерлерімен оқу-жаттығу өткізу кезінде табылған «Тастағы адам бетінің бедерлі бейнесін» тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің алдын ала есепке алу мәселесін қарастыру.
Кеңес кезеңі ескерткіштерінің тарихи - мәдени сараптамасы мәселесін қарастыру: В. И. Ленин ескерткіші, Кеңес өкіметін орнату үшін күрескерлерге арналған ескерткіш, Азаматтық соғыс кезінде қаза тапқан көкшетаулықтардың естелігіне орнатылған ескерткіштеріне жүргізілген сараптама қорытындысы туралы.
Бурабай ауданындағы 4 киелі ескерткіштерге негізделген «Төрт ханшайым» триумфальды аркасын орнату мәселесі Ақмола облысының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия мүшелері бірауыздан қолдау тапты.
Құрылған күні: 29.10.2024 22:40
Жаңартылған күні: 29.10.2024 22:40
Қаралым саны: 79