- Жаңалықтар
- Қазақстан Республикасы күніне орай «Мәдени мұра - тарих толқынында» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Қазақстан Республикасы күніне орай «Мәдени мұра - тарих толқынында» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Қазақстан Республикасының күніне орай, Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі «Мәдени мұра - тарих толқынында» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Конференцияға: өлкетанушы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, Ақмола облысы өлкетанушылар қауымдастығының төрайымы Салық Г.Д.; тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Ш.Уәлиханов атындағы КУ ректорының кеңесшісі Сейтқасымов А.А.; Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің халықаралық қатынастар, тарих және әлеуметтік жұмыстар кафедрасының оқытушысы, тарих ББ бойынша педагогика ғылымдарының магистрі Кенжебек Д.К.; Ш.Уәлиханов ат. Көкшетау университетінің комплаенс-офицері, заң ғылымдарының магистрі Аманкелді Б.А.; Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ жанындағы К. А. Акишев ат. археологиялық ҒЗИ аға ғылыми қызметкері Тлеуғабылов Д.Т.; Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің археология және этнология мамандығының магистранттары Рысбергенов М. А., Мухаметзянов А.Р., Тагленов А. М., Тлекешев С.Н. және А. Мырзахметов атындағы КУ тарих факультетінің студенттері қатысты.
Іс-шара барысында ғалымдар мен өлкетанушылар өңіріміздің тарихи-мәдени мұрасы, Сандықтау және Зеренді аудандарындағы археологиялық қазбаларынан табылған артефактілер туралы сөз сөйлейді. Ұлы Даланың тарихи өткенін, оның әлемдік өркениет үшін маңыздылығын зерттеуге археология да баға жетпес үлес қосатындығы сөзсіз.- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- РњРѕР№ Р В Р’В Р РЋРЎв„ўР В Р’В Р РЋРІР‚ВВВВВВВВРЎР‚
- Viber
Құрылған күні: 23.10.2024 22:20
Жаңартылған күні: 23.10.2024 22:20
Қаралым саны: 1171