Тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілеріне техникалық тексеру. Ақкөл ауданы
Ақмола облысы мәдениет басқармасының "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы" КММ 2024 жылғы қазанда Ақкөл ауданында тарихи-мәдени мұраны сақтау саласын реттейтін бірқатар заңдар мен заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерді сақтау бойынша тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілеріне техникалық тексеру жүргізілді.
Тексеру қорытындысы бойынша тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің қанағаттанарлық жай-күйі, ауданның киелі нысандарына ұқыпты қарау байқалады.
Ақкөл ауданындағы тарихи-мәдени мұра ескерткіштеріне техникалық тексеру жүргізу кезінде көмектескеніңіз үшін Алғыс білдіреміз
Ақкөл ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Түменбаеваға А.М.
Ақкөл ауданың ОКЖ әдіскері Балғымбаеваға Г.Ж.
Әкімдерге, ауылдық округтер мен ауыл мамандарына, Ақкөл ауданының тұрғындарына.
Құрылған күні: 19.10.2024 19:17
Жаңартылған күні: 19.10.2024 19:17
Қаралым саны: 911