«Археология-баға жетпес қазына» атты археологиялық экспедиция
Қазақстан Республикасының бас қаласы - Астана қаласының 20 жылдығына орай, Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МКМ-сі «Ақмола облысының жастар ресурстық орталығымен» бірлесіп астана құрдастары үшін аймақтың киелі және тарихи объектілерімен таныстыру мақсатында мәдени-танымдық, таныстыру сипатында «Археология-баға жетпес қазына» атты археологиялық экспедиция өткізді. Экспедиция барысында жастар облысымыздың қасиетті нысандарымен, археология ескерткіштері және табылған жәдігерлермен таныстырылып қазба жұмыстарына да қатысты.
Іс-шара - тарихи-мәдени білімдерін насихаттау, өскелең ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеуге бағытталған. Өйткені, Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігіне қол жеткізуі және қалыптасуы, оның негізгі нышанының бірі – Қазақстанның астанасы– Астана қаласының қалыптасуы арқылы ұлттық тарихты тереңірек, мағыналы, кәсіби және жүйелі түрде зерттеу мүмкін болды. Сондықтан, Астана қаласының құрдастары, жиырма жасар жастардың алдында заманауи технологияны игеру, кәсіби білімдерін алудан басқа, өздерінің ұлттық кодтарын, тарихын, салт-дәстүрін, туған тілін сақтау болып саналады.
Құрылған күні: 25.06.2018 2:00
Жаңартылған күні: 30.06.2018 9:19
Қаралым саны: 2000