Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза болғандарға арналған ескерткішінің алдында акция

Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза болғандарға арналған ескерткішінің алдында акция
 

2016 жылдың 28 қыркүйегінде Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МКМ-сі Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза болғандарға арналған ескерткішінің алдында акция өткізді. Акцияға № 10 орта мектеп оқушыларының қатысуымен өтті. Оқушылар тарих және мәдениет объектіні тазалаудан бастады. Көп жылдар бойы мектеп әкімшілігі балалармен бірге осы ескерткішті күтіп-ұстайды. Акциядан кейін оқушылар Ұлы Отан Соғысы туралы, қайтыс болған жауынгерлердің ерлігі туралы айта отыра, сол уақытта біздің қалада жараланған жауынгерлерге арналған екі госпиталь болғанын айта кетті.