Тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілеріне техникалық тексеру
Ақмола облысы мәдениет басқармасының«Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі 2024 жылдың қыркүйегінде Ерейментау ауданындағы тарихи-мәдени мұраны сақтау саласын реттейтін бірқатар заңдар мен заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерді сақтау бойынша тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілеріне техникалық тексеру жүргізді.
Тексеру қорытындысы бойынша тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің қанағаттанарлық жай-күйі, ауданның киелі объектілеріне ұқыпты қарауы байқалады.
Ерейментау ауданында киеліжерлерді және тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін анықтауға көмектескеніңіз үшін алғыс білдіреміз:
Ерейментау ауданының әкімі Н.З. Мукатовқа,
Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары Б. Н. Ибраевқа,
Ерейментау ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С. И. Барлыбаевқа,
Ерейментау ауданының тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі С.Қ. Жылқыбаевқа,
Әкімдерге, ауылдық округтер мен ауыл мамандарына, Ерейментау ауданының тұрғындарына!
Құрылған күні: 04.10.2024 10:20
Жаңартылған күні: 04.10.2024 10:20
Қаралым саны: 723