«Абылай хан» ескерткіші алдында экскурсия өткізу

«Абылай хан» ескерткіші алдында экскурсия өткізу

Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ Ақмола облысының білім бөлімі жанындағы «Ақбота» бөбекжайы» МКҚК тәрбиеленушілеріне экскурсия өткізді.

Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын зерделеу арқылы бүлдіршіндерді азаматтық-патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбиелеу, сондай-ақ өскелең ұрпақтың сәулет өнеріне деген қызығушылығын қалыптастыру; өз қаласының, өз елінің тарихи-мәдени өткені туралы білімдерін тереңдету; тарих және мәдениет ескерткіштеріне, өз қаласының табиғи мұрасына ұқыпты қарауға тәрбиелеу мақсатында экскурсия өткізілді.