Қазақстан халқы тілдері күніне орай, «Тіл-тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты акция Ақмола облысының білім бөлімі жанындағы «Ақбота» бөбекжайы» МКҚК тәрбиеленушілері арасында өтті.

Қазақстан халқы тілдері күніне орай, «Тіл-тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты акция Ақмола облысының білім бөлімі жанындағы «Ақбота» бөбекжайы» МКҚК тәрбиеленушілері арасында өтті.

Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ Ақмола облысының білім бөлімі жанындағы «Ақбота» бөбекжайы» МКҚК тәрбиеленушілері арасында Қазақстан халқы тілдері күніне орай,«Тіл-тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»атты акция «Тәуелсіздік стеласы» алдында өткізді.

5 қыркүйек- қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, қазақ әліпбиінің негізін қалаған ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні елімізде тілдер мерекесі болып бекітілген болатын. Осыған орай, халықтың мәдени мұрасын зерделеу арқылы мемлекеттік тілді білуге қызығушылықты ояту, патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Мақсаты-бүлдіршіндердің өз ана  тіліне деген құрмет сезімін арттыру,  таза және анық сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту.